Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Тағы бір отандық әуе компания Наурыз айында қосымша рейстерді іске қосады

6-03-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Наурыздағы мерекелерге орай QAZAQ AIR әуе компаниясы қосымша рейстерді іске қосады. Аталған шара жолаушылар тарапынан жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

2025 жылғы 16-23 наурыз аралығында келесі бағыттар бойынша 10 қосымша рейс орындалады:

  • Астана — Шымкент: 4 қосымша рейс
  • Астана — Алматы: 2 қосымша рейс
  • Астана — Түркістан: 4 қосымша рейс

Естеріңізге сала кетейік, QAZAQ AIR әуе компаниясы 2025 жылдың 1 мамырынан бастап Астана-Самарқанд бағытында жаңа әуе бағытын ашады.

Бұған дейін қазақстандық әуе компаниялар наурыздағы мерекелерге орай қосымша 120 рейсті іске қосатыны туралы хабарладық (Air Astana – 55, FlyArystan – 33, Scat – 32). Қосымша ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/949067?lang=kk

Сонымен қатар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Scat әуе компаниясы барлық тұрақты рейстердің әуебилеттеріне 10% жеңілдік береді. Әуе компанияның ақпаратына сәйкес бұл акция 5 наурыздан 7 наурызға дейін созылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив