Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша жер учаскесін беру ережесіне өзгерістер дайындалды

Қорғаныс министрлігі ведомство басшысының «Қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 236 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы оны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 26 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15476226