Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидалары бекітіледі

ҚР Қорғаныс министрлігі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасын әзірледі.
Нормативтік құқықтық актінің жобасымен оны «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер енгізіледі.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 26 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15476269