Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

12-03-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың жетекшілігімен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Жиында өңірде күннің жылынуына байланысты болуы мүмкін су тасқынының алдын алу шаралары талқыланды. Соңғы күндері облыстың кейбір аудандарында қар толассыз жауып, көлемі анағұрлым артқан. Әкім орынбасары барлық құзырлы орындарға бақылауды және дайындықты күшейтуді қатаң тапсырды.

Сонымен қатар тасқын қаупі бар аймақтарға алдын ала қосымша көмек жіберу үшін арнайы техника мен мамандардың дайын болуын ескертті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив