Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан мен Финляндия президенттері телефон арқылы сөйлесті

13-03-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Фин тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александр Стубб телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға қос тараптың да бейіл екенін растады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Финляндия Президенті биыл қазан айында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ алдағы кезеңге жоспарланған жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнын байытудың маңызына назар аударылды. Оның қорытындысы қазақ-фин серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб бірқатар өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Тараптар орнықты дамуды қамтамасыз ету, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету мақсатында көпжақты ұйымдар аясындағы күш-жігерді үйлестірудің маңызын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив