Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
489.15 533.47 5.64

Қорғаныс министрінің білім беру мәселелері жөніндегі кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізіледі

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады.

Жобада Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы бұйрықтарының жекелеген нормалары қайта қаралады. «ҚР Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 31, «Министрлікке ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 32, «Дайындау, сараптау, сынақтан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы, орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, ҚР Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендердің мониторингін жүргізу және басып шығару туралы» № 34, «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ҚР Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» № 35, «ҚР Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және өткізу туралы» № 36, «ҚР Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы» № 37 бұйрықтарға өзгерістер енгізіледі

Өзгерістер нормативтік құқықтық актілерді «Білім туралы» ҚР Заңына, Жоғары білім және ғылым, Қорғаныс және Оқу-ағарту министрлерінің бұйрықтарына сәйкес келтіру мақсатында енгізіледі.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15484839 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив