Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
495.28 538.32 5.77

Мақсат Балабеков ҚР Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы әділет министрінің бұйрығымен Мақсат Қантбекұлы Балабеков ведомствоның Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М.С. Нәрікбаев атындағы  Қазақ гуманитарлық-заң университетін,  Ноттингем университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы қаржы ұйымында жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету жөніндегі маман болып бастаған.

2005–2012 жылдары жеке қаржы ұйымдарында жұмыс істеді.

2012–2018 жылдары — сарапшы, ҚР Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінде сарапшы, басқарма басшысы.

2018–2019 жылдары — ҚР әділет министрінің кеңесшісі.

2019–2023 жылдары — ҚР Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті директорының орынбасары, директоры.

2023 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив