Құсман ата мен Орымхан апа: 60 жылдық берекелі ғұмыр

16 наурыз – елімізде берекелі отбасылық құндылықтарды дәріптейтін Шаңырақ күні болып белгіленді. Осы атаулы мереке аясында Мақаншы ауылының сыйлы қариялары, өнегелі отбасының иелері Құсман ата мен Орымхан апа Абылқасымовтар туралы айтпақпыз. Биыл олардың отасқандарына 60 жыл толып отыр.
Өмірдің қызығы мен шыжығын бірге бөлісіп, көпке үлгі боларлық бұл салиқалы шаңырақтың тірегі – Құсман ата. 1965 жылы Арқалды кеншарында болашақ жары Орымхан апамен танысып, көп ұзамай шаңырақ көтерді. Отбасының алғашқы жылдары қарапайым еңбекпен басталып, ерлі-зайыптылар мал шаруашылығымен айналысты.
Орымхан апа 19 жасында үлкен әулеттің түтінін түтетіп, өз өмірін отбасы мен еңбекке арнады. Олар бірге жүріп 8 бала тәрбиелеп өсірді.
Бүгінде өнегелі отбасы 8 перзентінен 19 немере, 2 шөбере сүйіп, ата-әже атанып отыр. Үлкен шаңырақтың ұйытқысы болған Орымхан апа:
Бақыттың кілті – бірлік пен татулықта. Бұл сөз Құсман ата мен Орымхан апа әулетінің айнымас бағдарына айналған. Олар өмірдің сан түрлі сынағынан сүрінбей өтіп, сыйластық пен сабырдың арқасында берекелі ғұмыр кешіп келеді. Ұрпақтарына үлгі бола білген бұл отбасының басты құндылығы – өзара құрмет пен түсіністік.
Құсман ата мен Орымхан апа үшін нағыз бақыт – сүйікті жандарымен бірге, бір мақсатта, бір жүректе өмір сүру. 60 жылдық ғұмыр – махаббат пен еңбектің нағыз дәлелі!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВнокласснРСвЂВРєРСвЂВ
- Telegram
- Viber