Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Берік Уәли қар құрсауында қалған Қазымбет ауылына барды

17-03-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Үржар ауданының таулы аймағындағы бұл ауылға өткен аптада қалыңдығы 1,5 метрге дейін қар жауған. 

Алайда бұл Қазымбет ауылының тұрғындары үшін қалыпты жағдай. Себебі таулы аймақ болғандықтан жыл сайын қар осылай қалың түседі.

Дегенмен, бұл ауылға су тасқынынан қауіп жоқ. Тау бөктерінде орналасқандықтан қар суы сай-салаға ағып, жерге сіңіп кетеді.

Абай облысының әкімі Қазымбет ауылындағы бірнеше үйді аралап, тұрғындармен пікірлесті.

Сондай-ақ, аймақ басшысы тиісті құрылымдарға көктемгі тасқынға дайындықты күшейтуді, өзендер мен су қоймаларын күнделікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив