Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Kazakhstan Industry Week көрмесіне тіркелу жалғасып жатыр

29-03-2023, 11:27 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың 10-12 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстанның басты индустриялық оқиғасы – Kazakhstan Industry Week өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесі өтеді.

Көрме әлемнің 18 елінен келетін 300 экспоненттің басты платформасына айналады деп күтіліп отыр.

Қазақстандық және шетелдік компаниялар машина жасау, металл өңдеу, ауыл шаруашылығы, коммерциялық және арнайы техника, химия өнеркәсібі, су индустриясы, тау-кен металлургиясы, құрылыс индустриясы, инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және т. б. өңдеу өнеркәсібінің жаңа жабдықтары мен технологияларын ұсынады.

Сонымен қатар көрме экспозициясы түрлі мазмұнды іс-шараларды қамтитын іскерлік бағдарламадан тұрады. Үш күнге жалғасатын Kazakhstan Industry Week алаңында:

●         Субконтрактілер биржасы

●         Металл өңдеудегі инновациялық технологиялар жөніндегі халықаралық конференция

●         «Қазақстанның химия өнеркәсібі. Даму болашағы» конференциясы

●         Қалалардың тұрғын үй-коммуналдық секторы мен инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту мәселелері жөніндегі конференциясы

●         Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытудың мәселелері мен перспективалары жөніндегі республикалық кеңесі

●         «Өнеркәсіпті цифрлы трансформациялау» сессиясы өткізіледі.

Іскерлік бағдарламаның басты оқиғасы - машина жасау саласының өзекті мәселелерін жүйелі шешудің басты диалог алаңына айналған Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы өткізіледі.

Алдын ала есептеулерге сәйкес аталған іс-шараға 3 мыңнан астам адам, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін тұтынушылары, инженерлер мен технологтар, шағын және орта бизнес, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері қатыспақ.

Бұл іс-шара ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстан машина жасаушылар одағының және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясының бастамасымен ұйымдастырылады.

Kazakhstan Industry Week көрмесіне тек бейдж/QR-кодты көрсету арқылы ғана өтуге мүмкін болады. Оны онлайн-тіркелу кезінде KIW_MIID промокодын енгізу арқылы тегін алу жолдары қарастырылған.

Тіркеу осы сілтеме бойынша жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив