Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
504.44 545.65 5.95

Абай облысындағы ақылы жолдарда орташа жылдамдықты есептейтін камералар іске қосылды

28-03-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 17 наурыздан бастап сағат 08:00-ден бастап Абай облысындағы республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда орташа жылдамдықты есептейтін бейнекамералар жұмыс іске қосылды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Абай облысы бойынша филиалы хабарлады.

Жаңа бақылау жүйесі ҚХР-Майқапшағай шекарасы – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы бағытындағы автожолдарда орнатылған.

Аталған шара аясында филиал мамандары Абай облысының Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының өкілдерімен, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «ҚАЖсервис» ЖШС Абай облысы филиалдарының қызметкерлерімен бірлесіп, бақылау камералары орнатылатын қақпалар арасындағы нақты арақашықтықты өлшеді. Нәтижесінде келесі қашықтықтар белгіленді:

  • Шарбақты – Семеновка – Рамадан: 55,239 км
  • Рамадан – Жыланды: 38,446 км
  • Жыланды – Семей: 42,923 км
  • Семей – Ұзынжал – Карповка: 43,184 км
  • Карповка – Шар: 51,427 км
  • Шар – Қалбатау: 45,007 км

Орташа жылдамдықты есептеу жүйесі жүргізушінің бір бекеттен екіншісіне дейінгі жүрген уақытын тіркеп, осы аралықтағы жылдамдығын есептейді. Жылдамдықты шектен тыс асырған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның Абай облысы бойынша филиалы барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға шақырады. Бұл шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив