Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.55 596.03 6.63

Ерсайын Нағаспаев үздік геологтарды марапаттады

3-04-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Геолог күніне орай ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде ардагерлер мен саланың үздік мамандарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Құттықтау сөзінде Министр Ерсайын Нағаспаев геологтардың еліміздің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін, соның арқасында биылғы жылы барланған жер қойнауының ауданы 2 млн км²-ге жеткенін атап өтті.

«Биыл сіздердің еңбектеріңізді бағалап, «Еңбек сіңірген геолог» мемлекеттік наградасы алғаш рет тағайындалды. Бұл Қазақстанның табиғи ресурстарын зерделеу мен сақтауға саналы ғұмырын арнаған мамандардың еңбегін бағалаудағы маңызды қадам», – деді министр.

Саланы дамытуға қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі үшін 28 маман марапаттарға ие болды – ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Құрмет» ордені, «Қазақстанның еңбек сіңірген геологтары» құрметті атағы, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Еңбек сіңірген геолог» және «Кен орнын алғаш ашушы» төсбелгілері.

Марапатталғандардың қатарында сала ардагерлері, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Geotek» ЖШС, «Qarmet» АҚ, «Professional Geo Solutions Kazakhstan», «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Центргеолсъемка» ЖШС, «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» ЖШС және т.б. мамандары болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив