Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
465.01 543.55 6.15

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесті

3-04-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына келген Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен кездесу өткізді.

Еуропа Одағы Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы саналады. Елімізге шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40 пайыздан астамы аталған ұйымға тиесілі. Былтыр Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 миллиард долларға жуықтады. Бұл Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері арасындағы сауда-саттық көлемінің 80 пайызын құрайды.

Кездесуде экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив