Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.3 538.07 5.41

Қанат Бозымбаев Әмірліктердің AMEA Power компаниясымен жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады

3-04-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев AMEA Power компаниясының төрағасы Хуссейн Аль-Нувайс мырзамен келіссөздер жүргізді. Тараптар жаңартылатын энергия көздерін дамыту және Қазақстанға инвестиция тарту мүмкіндіктерін талқылады. 

AMEA Power – Таяу Шығыс, Африка және Азия елдерінде белсенді жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздері саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі. Компания Қазақстанды күн және жел энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін стратегиялық нарық ретінде қарастырады.

Бұған дейін AMEA Power делегациясы Алматы облысына барып, өңірдің әлеуетін бағалады. Үкіметтегі кездесу барысында компанияның инвестициялық жобаларға, оның ішінде елдің басқа да өңірлерінде қатысуға мүдделілігі талқыланды.

Қанат Бозымбаев халықаралық тәжірибенің және инновациялық шешімдердің Қазақстанның «жасыл» энергетикаға көшуіндегі маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл бағытын айқындады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив