Әкімшілік рәсімдер саласындағы заңнамаға қатысты семинар өтті

Абай облысының әкімдігінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға өтініштерді тіркеу, қарау рәсімі, жеке қабылдау хаттамаларын жасау, «e-Otinish» ақпараттық жүйесінде білім базасын масштабтау тақырыбында семинар өтті. Оған қала-аудан әкімдері аппараты, облыстық басқарма мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Семинарда азаматтарды жеке қабылдау рәсімдері және әкімшілік рәсімдер саласындағы заңнаманы қолдануға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, техникалық сипаттағы мәселелерді ортаға салды.
Іс-шараны өткізудің басты мақсаты - өтініштерді қарау сапасын жақсарту, мерзімдерді сақтау, шағымдарды азайту, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қолдану кезінде мемлекеттік қызметшілердің білімін арттыру болып саналады.