Әрбір адам, әрбір мекеме өз ауласын таза ұстауы тиіс – Мерей Қарт

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өңір тұрғындарын тазалыққа, тәртіпке және сенбілікке шақырған бейнеүндеуі қоғамда кең қолдау табуда. Бұл бастамаға алғашқылардың бірі болып қолдау білдіргендердің қатарында Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың ұжымы да бар.
Кітапхана директоры Мерей Қарт өзінің пікірінде әрбір адам мен әрбір мекеменің өз ауласын таза ұстауы – ортақ мәдениеттің көрінісі екенін атап өтті.
– Тазалық – тек сенбілікпен шектелмейтін, күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналуы тиіс. Әрбір азаматтың, әр мекеменің өзіне тиесілі аумақты ұқыпты ұстауы – экологиялық сана мен жауапкершіліктің белгісі. Кітапхана ұжымы бұған дейін де түрлі тазалық акцияларына белсене қатысып, өз үлесін қосып келеді. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Мерей Қарт.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы