Қайрат Сабырбай: «Мәдениетті сырттан ешкім әкеліп бермейді, әуелі өзіміз қалыптастырамыз»

Абай облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қайрат Сабырбай өңір әкімі Берік Уәлидің тұрғындарды тазалыққа, тәртіпке және бірлікке үндеген бейнеүндеуіне қолдау білдірді. Ол бұл бастаманың аса өзекті әрі елдің қоғамдық санасын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.
– Мәдениетті бізге сырттан ешкім әкеліп бермейді. Ол – әр азаматтың сана-сезімінен, іс-әрекетінен бастау алатын ұғым. Тазалық – мәдениеттің алғашқы сатысы. Өз аулаң мен жұмыс орныңды таза ұстау – елге, жерге деген құрметтің көрінісі. Сондықтан да өңір басшысының бұл үндеуі өте орынды әрі дер кезінде көтерілген мәселе деп санаймын, – деді Қайрат Сабырбай.
Музей директоры сондай-ақ бұл бастамаға ұжым болып үн қосып, сенбіліктер мен қоғамдық акцияларға белсенді түрде қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Мәдениет саласының қызметкерлері ретінде олар тек тарихи мұраны сақтаумен ғана шектелмей, қазіргі қоғамды тәрбиелеу мен өркениеттілікке бастауға да үлес қосуды маңызды деп есептейді.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы