Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

«Абай жастары» сенбілікке шығып, аймақ басшысының бастамасын қолдады

5-04-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семейдегі «Бейбітшілік» аралында өткен сенбілікке 300-ге тарта жас қатысты. «Абай Жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған бұл шара – аймақ басшысының өңірді көгалдандыру мен тазалықты сақтау жөніндегі үндеуін қолдаудың нақты көрінісі болды.

– Табиғат – ортақ байлығымыз. Әрбір жас ұрпақ оны қорғап, ұқыптылықпен қарауға міндетті. Біз аймақ басшысының бастамасын толық қолдаймыз. Осындай сенбіліктер арқылы өңірімізді көркейтіп, қоғамға үлгі көрсетеміз, – деді «Абай Жастары» жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов.

Жастар қолдарына күрек-кетпен алып, арал аумағын қоқыстан тазалап, ағаш отырғызуға да атсалысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив