Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
451.05 504.95 5.6

Әлеуметтік сала өкілдері сенбілікке шығып, өңір басшысының бастамасын қолдады

5-04-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты мекемелер облыс әкімінің елді абаттандыру жөніндегі үндеуін қолдап, сенбілікке белсене қатысты.

Сенбілікке басқарма ұжымы, Еңбек мобильділігі орталығы, Семей қаласы мен Жаңасемей ауданының Мансап орталықтарының қызметкерлері жұмыла атсалысты. Олар Семей қаласындағы Боранбай би көшесін қоқыстан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, көшенің көркін кіргізді.

Ұжым өкілдері бұл бастама – тек тазалық шарасы ғана емес, елге деген сүйіспеншіліктің, қоғамдық жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті.

– Әкімнің үндеуі – әр азаматқа ортақ жауапкершілік жүктейді. Қала тазалығына үлес қосу – біздің азаматтық міндетіміз, – деді Еңбек мобильділігі орталығының басшысы Еркебұлан Тұрсын.

Таза қала – жарқын болашақтың кепілі екенін ұғынған әлеуметтік сала мамандары өңір халқын осындай игі істерге белсенді араласуға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив