Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.63 547.69 6.36

Берік Уәли Қопа ауылының тұрғындарымен кездесті

7-04-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Тұрғындар облыс әкіміне ұсыныс-пікірлерін айтып, ауылдағы өзекті мәселелерді жеткізді.

Қопа ауылы тұрғындарын толғандырып жүрген проблеманың бірі - электр энергиясының жетіспеушілігі. Қолданыстағы трансформатордың тозығы жеткендіктен елді-мекенде жарық жиі сөнеді. Ауылда азық-түлік бағасы басқа жақтармен салыстырғанда біршама қымбат. Оған себеп елді-мекенге қатынайтын жолдың сапасы сын көтермейді. 

Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін тыңдаған облыс әкімі елді мекендегі проблемалардың кезең-кезеңімен шешілетін атап өтті.

«Ақтоғай, Қопа, Тарлаулы ауылдарын дамыту бойынша арнайы жол картасы жасалады. Бүгін шалғайдағы ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысайын деп арнайы келіп отырмын. Жергілікті халықтың ұсыныс-тілектерін естідім. Көтерген мәселелеріңіз өте орынды. Өзекті проблемаларды бюджетке енгізіп, рет-ретімен, жүйелі түрде шешуіміз керек»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив