Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Берік Уәли әлемдегі ең ірі мыс кен орындарының біріне барды

7-04-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Өңір басшысы Аягөз ауданындағы жұмыс сапары барысында Ақтоғай мыс кенішінде болды. 

Кәсіпорын өңірдегі әлеуметтік бастамаларға тұрақты қолдау көрсетіп келеді. KAZ Minerals Aktogay компаниясы Аягөз ауданындағы өндіріс орнына жақын маңдағы ауылдардың дамуына атсалыспақ. 

Өндіріс орнының өкілдері аймақ басшысына жолды жөндеу бойынша көмек көрсетуді сұрады. Облыс әкімі өңірдің аумағына кіретін жол бөлігін асфальттауға жәрдемдесетінін жеткізді. 

Аймақ басшысы кәсіпорынның жетекшілерімен пікір алмасу барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облысқа әлеуметтік нысандар салуға көмек көрсетуге шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив