Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі 20-дан астам жаңа техникамен толықты
Семей қаласының орталық алаңында Қасым Қайсенов атындағы №68303 әскери бөлімінің жеке құрамына жаңа арнайы техникалардың кілтін тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.
Облыс құрылғалы бері өңірге 28 өрт сөндіру техникасы мен 24 инженерлі техника берілген. Бүгін құтқару қызметінің қажеттіліктеріне арналған 23 техниканың кілті жүргізушілерге тапсырылды. Олардың қатарында жоғары өтімді жүк көліктері, арнайы құтқару машиналары мен «Трэкол» көлігі бар.
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли Төтенше жағдайлар министрлігіне алғыс айтып, жаңа техникалардың келуі өңір тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалған маңызды қадам екенін атап өтті.
Кілт тапсыру рәсімінде сөз алған Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңа техниканың құтқарушылар жұмысына үлкен серпін беретініне сенім білдірді.
Шара соңында облыс әкімі Төтенше жағдайлар министрімен бірге Құтқарушылар аллеясына шыршаның жас көшеттерін отырғызды.