Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
479.02 551.11 5.82

Шекаралық бақылау кезінде ірі көлемдегі қолма-қол ақшаның заңсыз тасымалдануы анықталды

7-04-2025, 11:43 018.kz

2025 жылғы 2 сәуірде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің Семей шекара басқармасына қарасты «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды «Семей – Новосибирск» бағытында кетіп бара жатқан Volkswagen маркалы көлікті тоқтатты.

Көлік жүргізушісі – И.Е. есімді ҚР азаматы. Автокөлікті тексеру барысында оның жеке қол сөмкесінің қалтасынан 10 000 АҚШ доллары мен 1 000 000 Ресей рублі көлеміндегі қолма-қол ақша табылды.

Аталған азамат Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығының 1-тармағына сәйкес, елден шығарылмай, өткізу пунктінен кері қайтарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив