Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.31 567.96 6.03

Сенатта ойын бизнесі мәселелері туралы заң қаралады

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 10 сәуір күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды. Заңның мақсаты Кипрмен қылмыстық сот ісін жүргізу саласында толық құқықтық база қалыптастыру және шетелде сотталған азаматтарды елге қайтару, олардың қоғамға тез бейімделуіне ықпал ету екенін атап өткен жөн.

Келісімге сәйкес тараптар өз азаматтарын беру жөніндегі міндеттемелерді қабылдайды. Ол үшін сотталушының ерікті келісімі, оның тараптардың бірінің азаматы болуы және жасалған әрекет екі елдің заңнамасы бойынша қылмыс деп танылуымен қатар бірқатар негізгі шарттар сақталуы қажет.

Сонымен қатар Палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң бірінші оқылымда қаралады. Заң Денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық реттеуді жетілдіру, ойын бизнесі саласындағы жарнамалық қызметті реттеуді оңтайландыру, құмар ойындарға қатысуды бақылауды күшейту, сондай-ақ, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын арттыру мақсатымен әзірленді.

Сондай-ақ Бюро мүшелері 11 ақпанда сот және құқық қорғау жүйелерінің және заң шығару қызметінің сапасын арттыру мақсатымен мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің кадрлық әлеуетін нығайту аясында заң білімін дамыту мәселелері бойынша парламенттік тыңдау өткізу жөнінде тиісті қаулы қабылдады.

Одан бөлек, Бюро мүшелері осы аптада өтетін Комитет отырыстарында қозғалатын тақырыптарды талқылады және бұған дейін Парламент Мәжілісі қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив