Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Абай облысында 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтитын тау-кен байыту комбинаты салынады

8-04-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесті. Түркияның «Miryidiz Mining» компаниясының өкілдері аймақ басшысына «Жанан» жобасын таныстырды.

Шет елдік компания облыс аумағында тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 482 миллион АҚШ долларын құрайды.

Инвесторлар өткен жылы облысқа заңды тұлға ретінде тіркелген. Тиісті барлау жұмыстарын жүргізіп, өндірістік нысандарға қажет жабдықтарды сатып алған. Компания өкілдері облыс әкіміне жұмысты бастауға дайын екенін, тек жерді рәсімдеуге байланысты қиындықтар туындап отырғанын жеткізіп, көмек көрсетуді сұрады.

Аймақ басшысы өндірістік жобаның облыс экономикасы үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.

«Бұл – біздің облыс үшін үлкен инвестиция. Жоба жүзеге асқанда 2 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өңірге әлеуметтік нысандар салуға шақырамыз. Біз сіздерді барлық жағынан қолдауға дайынбыз. Құжат рәсімдеуге байланысты кедергілерді шешу жолдарын қарастырамыз. Көмектесеміз»,- деді облыс әкімі.

Инвесторлар аймақ басшысының ұсынысын қолдап, жоба жүзеге асса мектеп, аурухана секілді нысандарды салуға дайын екенін білдірді.

Айта кетейік, 1997 жылы негізі қаланған «Miryidiz Mining» компаниясы тау кен өндірісімен, энергетика саласымен шұғылданады. Түркия мен Африка мемлекеттерінде кен барлау жұмыстарымен айналысады. Компания жылына 1 миллион тоннаға жуық мыс өндіреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив