Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамына деген құрметтің жарқын көрінісі

9-04-2025, 10:09 Еркеназ Шағыманова

2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы, ел дамуында маңдай терімен еңбек етіп жүрген қарапайым жұмысшылардың қоғамдағы орнын айшықтай түсетін маңызды қадам. Осыған орай, елімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмысшы мамандықтардың маңыздылығы мен қадірі жайлы кеңінен насихатталуда. Мақаланың кезекті санында Абай облысындағы кәсіпорындарда жылдар бойы жұмыс жасап, нағыз өз ісінің мамандары деп мойындалған жұмысшылар турасында сөз қозғамақпыз.

«СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, 2006 жылдың 23 ақпанында алғашқы мемлекеттік тіркеуден өтті. «СемАЗ» ЖШС кәсіпорнының мақсаты - бәсекеге қабілетті автомобильдер шығаруға мүмкіндік беретін және Қазақстан мен көрші елдердің бір бөлігінің тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын автомобиль өнеркәсібін құру. Ал Шохамаев Заманбек – кәсіпорында трактор цехының слесарь-жинаушысы боп қызметін жасайды. «СемАЗ» ЖШС-да 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Жылдар бойы лайықты қызметін жасап, зейнетке шыққан. Қазіргі уақытта еңбек қызметін жалғастыруда. Жастарды, Семей қаласының Көлік колледжінің білім алушыларына жұмысшы мамандығының негіздерін оқытады. Тәжірибелі тәлімгер ретінде әріптестер мен жас мамандардың құрметіне ие. Ұжым арасында еңбекқорлығымен, сан жылдар бойы қалтқысыз жасаған қызметі, адамгершілік қасиеттерінің арқасында ойып тқрып аларлық орны бар.

Мақала кейіпкерінің қажыр-қайратын мына бір сөздері айғақтағандай.

- Біздің зауытқа жастар көптеп келеді. Оларға бірдеңе үйрету үшін шыдамдылық қажет, өйткені сіз оларға бәрін айтып, түсіндіріп, көрсетуіңіз керек. Жақсылап таныстыруыңыз қажет болады. Қазір жастар техникалық тұрғыда сауатты, тез естерінде сақтайды және оқуға құштар екенін байқауға болады. Содан кейін көптеген адамдар инженерлік бағыттағы мамандықтарды таңдап, өздерінің кәсіби деңгейлерін одан әрі көтеріп жұмыс жасап жатады, - дейді ол.

Заманбек Шохамаев - өз білгенін жеткілікті санап тоқтап қалудан гөрі, білгенімен бөлісуді жөн санайды.

Бұл жыл – тек кәсіптік-техникалық мамандықтарды дәріптеу ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты еңбекке баулу, шынайы кәсіп иелерін үлгі ету, және кәсіби білім берудің беделін көтеру мақсатында қолға алынған бастама.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив