Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Шекаралық аудандарды дамыту – ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өркендеудің кепілі

9-04-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан сөздері ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берді. 

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірнеше шекара маңындағы аудан қалпына келтірілді. Бұл шешім жұртшылық тарапынан оң қабылданып, жаңадан құрылған аудандарда тіршілік жандана бастады. 

Президент бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтуді тапсырды. Amanat партиясының шекара маңындағы аудандарды дамытуға арналған жаңа заң қабылдау бастамасы осы үдерістің заңнамалық негізін қамтамасыз ететін болады. Үкіметке бұл ұсынысты депутаттармен бірлесе отырып жан-жақты қарастыру тапсырылды.

Сонымен қатар, көлік-логистика инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі де назардан тыс қалмады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл автокөліктерге арналған 9 кеден бекетінің жаңғырту жұмыстары аяқталуы тиіс. Бұл өз кезегінде олардың өткізу мүмкіндігін 6 есе арттырады, әрі еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтады.

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тікелей араласуымен облыс аумағындағы барлық шекаралық өткізу пункттерінің жағдайы зерделенді. Әкім Мақаншыдағы Бақты кеден бекетіне, Бородулихадағы Ауыл кеден бекетіне, Бесқарағайдағы Қоянбай өткізу пунктіне барып, олардың қазіргі жай-күйімен танысты. Бұл нысандардың жаңғыртылуы өңір экономикасын жандандыруға, кәсіпкерлік пен сауда-саттық байланыстарын дамытуға тың серпін береді.

Шекаралық аудандарды дамытуға бағытталған бұл қадамдар – еліміздің территориялық тұтастығын сақтаумен қатар, шекара бойында өмір сүріп жатқан халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты жұмыстың көрінісі. Осындай кешенді жұмыс ел ішіндегі тұрақтылықты, экономикалық өсімді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив