Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Астанада «Minex Kazakhstan» 15-ші тау-геологиялық форумы өтуде

9-04-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астана қаласында «Minex Kazakhstan» 15-ші тау-геологиялық форумы өтіп жатыр. Биылғы жылы форум «Қазақстанның минералдық ресурстарын игерудің жаңа дәуірі: барлаудан өңдеуге» тақырыбымен ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға Орталық Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Африка, Таяу Шығыс, Австралия, Қытай, Үндістан, Малайзия және Сингапур елдерінен 100-ге жуық спикер, 450-ден астам делегат және 40-қа жуық көрме қатысушылары қатысуда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова форумда Министрлік жетекшілік ететін салалардағы цифрландыру жетістіктері туралы баяндама жасады.

«Биылғы жылдың басынан бастап біз Бірыңғай жер қойнауын пайдалану платформасын іске қостық, онда 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылды. Іске қосылған сәттен бастап 506 өтінім өңделген. Енді инвесторлар тікелей делдалсыз порталға кіріп, қажетті учаскені таңдап, аукционға қатысу үшін өтінім бере алады. Осылайша, биылғы жылдың қаңтарында 21 учаске бойынша 40 млн доллар көлемінде инвестиция тарту мақсатында цифрлық аукциондар өткізілді. Сонымен қатар қатты пайдалы қазбалар бойынша берілген лицензиялар мен келісімшарттардың міндеттемелерін орындауды бақылау процесі цифрландырылды. Бұрын бұл бақылау 3 мың лицензия мен келісім-шарт бойынша қолмен жүргізілетін», – атап өтті Жәннат Дүбірова.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Алмас Кушумов өз сөзінде жер қойнауын мемлекеттік зерттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.

«Бизнестің жаңа ресурстарды игеруге жоғары қызығушылығы байқалуда. Осылайша, соңғы 2 жылда электронды аукциондарда 117 жер қойнауы учаскелері мен кен орындары жүзеге асырылып, қолтаңба бонусының жалпы сомасы 29 млрд теңгеден астам соманы құрады. 2025 жылдың маусымында алтын, күміс, көмір және сирек металдардың 50 кен орны бойынша аукцион өткізу жоспарланған», – деді ол.

Одан бөлек, осы іс-шарада инвестициялық климат пен Қазақстанның жаһандық критикалық шикізат тізбектеріндегі стратегиялық рөліне қатысты өзекті тақырыптар қарастырылуда. Шетелдік инвесторлар негізгі жобалар туралы презентациялар мен талқылауларға қаытсып жатыр. Қазақстанда уран өнеркәсібі мен ядролық энергетиканы дамыту мәселелері бойынша пікірталастар өтуде.

Форум кадрлық капиталды қалыптастыру мен ұлттық құзыреттіліктерді дамытуға арналған сессиямен аяқталады. Гала-кеште Қазақстанның Тау-Кен Палатасының «Кен өндіру саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтеді.

Қазақстанның минералды-ресурстық секторы мемлекеттік бастамалармен елеулі өзгерістерді бастан кешіріп жатқанын атап өткен жөн. Бұл бастамалар экономикалық өсімді жеделдету, өнеркәсіпті әртараптандыру және геологиялық зерттеулерді кеңейтуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив