Қазақстан ТЖМ мен Аризонаның Ұлттық ұланы азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы генерал-майор Арман Қалиевтың және Аризона штатының Ұлттық ұлан бас қолбасшысы-Төтенше жағдайлар департаментінің директоры генерал-майор Керри Мюленбектің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары қаралды. Азаматтық қорғау жүйесіне заманауи цифрлық және талдамалық технологияларды енгізу, кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ табиғи және техногендік апаттарға ден қоюда бірлескен оқу-жаттығулар өткізу мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Тәуекелдерді басқару және жедел ден қоюдағы үздік тәжірибелермен алмасуға ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап мониторинг және құлақтандыру жүйелерін қоса алғанда, өзінің командалық орталығының мүмкіндіктерін көрсетті.
Америкалық делегация Қазақстандағы азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады және жаһандық сын-қатерлерге төзімділікті арттыру үшін екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қолданыстағы келісімдер шеңберінде әріптестікті дамытуды жалғастыру және Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де халықтың қауіпсіздігі мен қорғалуын нығайтуға бағытталған жаңа бірлескен жобаларға бастамашылық жасау ниетін растады.