Абай облысының әкімі партия өкілдерімен кездесті
Аймақ басшысы Берік Уәли өңірде тіркелген саяси партиялардың өкілдерімен кездесті. Жиынға «Amanat», «Ауыл», «Ақ жол», «Қазақстан Халық партиясы», «Respublica», «Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалдарының төрағалары қатысты.
Облыс әкімі өз сөзінде өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында барлық саяси күштердің бірлесіп жұмыс істеуінің маңызды екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда, елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс. Сондай-ақ мемлекет тұғырын нығайту және ел бірлігін сақтау мәселесін бәрінен биік қоюы керек», - деп партиялар азаматтық қоғамның басты тірегі болуға тиіс екеніне айрықша тоқталып, атап өткен болатын. Бүгінгі кездесу – алдағы ортақ жұмыстың негізі. Біз жергілікті билік ретінде конструктивті ұсыныс айтатын, нақты мәселе көтеретін кез келген партиямен әріптестікке әзірміз»,- деді аймақ басшысы.
Жиында партия филиалының төрағалары өңірдің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, экология, білім, мәдениет салаларына қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
Облыс әкімі кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, жұмыс барысында ескерілетінін айтып, өңірді өркендету жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы