Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
516.91 586.33 6.3

Жемқорлық салдарымен танысу: мемлекеттік қызметшілерге арналған экскурсия өтті

14-04-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы арттыру және мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өңірдің түзету мекемелеріне таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.

Іс-шараға облыстың мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Экскурсия барысында олар сотталғандарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды ұстау шарттарымен танысты.

Экскурсия мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарын нақты түсінуді қалыптастыруға және заңның сақталуы үшін жеке жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің өкілдері парақорлықтың жекелеген фактісі адамның мансабын, беделін және жеке өмірін бұзуы мүмкін екенін атап өтті.

Тиімді және адал мемлекеттік қызметтің негізгі шарты ретінде «Заң мен Тәртіп» қағидатын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адалдық пен заңдылық қағидаттарын нығайтуда пәрменді құрал ретінде болашақта жалғасатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив