Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Жармада ұлттық кітап күніне орай апталық басталды

16-04-2025, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл елімізде алғаш рет  23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде белгіленіп, атаулы күнге орай барлық кітапханаларда Ұлттық кітап апталығы бастау алды.

Осыған орай, 2025 жылдың 16 сәуірінде Жарма ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінде апталықтың ашылу салтанаты өтті. «Мәртебелі кітап» атты әдеби-мәдени шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар, ақындар мен еңбек ардагерлері, жастар және кітапхана оқырмандары қатысты.

Шара барысында Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Нұрғалиев сөз сөйлеп, кітапхана ұжымын мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Мерекелік кештің көркін өнер мектебінің бүлдіршіндері мен аудандық Мәдениет сарайының өнерпаздары келістіре түсті. Олар күй, ән және би арқылы өз өнерлерін паш етті.

Апталық аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған кең көлемді кітап көрмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Абай жолы» роман-эпопеясының II томы таныстырылып, оқырмандардың назарына ұсынылды.

«Кітап сыйла» акциясы аясында кітапхана қорына оқырмандар Есенжолова Ж.С., Габдуллина К.С. және Төлекбаева А.Е. өздерінің жеке кітаптарын тарту етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив