Уылдырық шашу кезеңінде балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысы балық ресурстарын сақтау және балық шаруашылығын дамыту шараларына арналған брифинг өтті.
Спикер ретінде «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ Семей балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Нұрболат Мұқышев баяндама жасады.
Маман облыстың су объектілерінде балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынғанын атап өтті.
Уылдырық шашуға тыйым салуды бұзушылар жауапқа тартылады. Заңсыз балық аулағаны үшін 19 660 теңге, тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдаланумен өрескел бұзушылықтар үшін 78 640 теңге айыппұл қарастырылған. 100 АЕК-тен астам залал болған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Үкіметі балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруда. Оның басты мақсаты – балық өндірісін 6,8 мың тоннадан 270 мың тоннаға дейін ұлғайту. Ол үшін су айдындары балық өсіру шаруашылықтарына 49 жылға жалға беріледі, балық отырғызу материалына, дәрі-дәрмектерге және биологиялық игеруге жұмсалатын шығындардың 50%-на, сондай-ақ Жемге жұмсалатын шығындардың 30%-на субсидиялар беріледі. 10 жылға 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін жеңілдікті кредиттеу енгізіліп, мамандарды оқытуға арналған гранттар саны ұлғайтылды.