Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
481.83 556.8 5.85

Жанармай құю бекетіндегі шабуыл бойынша іс ІІМ бақылауында

17-04-2025, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Жанармай құю бекетіндегі шабуыл бойынша іс ІІМ бақылауында.

- Жамбыл облысындағы Меркі ауданында жанар-жағар май құю бекетінде пышақ қолдану арқылы шабуыл жасалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Осы дерекпен Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен, яғни пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылықпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл баппен 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, яғни ауыр санаттағы қылмыс қатарына жатады.

Тергеуді Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізуде, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Оның жұмысын ұйымдастырып, бақылау жүргізу үшін министрліктің орталық аппарат қызметкерлері жіберілді. Қазір жан-жақты тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар адвокатының өтініші бойынша жәбірленушіге полицияның күзеті қойылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында, - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Кожаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив