Облыс әкімі Шұбартау өңірінің ақсақалдарымен кездесті
Облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Баршатас ауылында Шұбартау өңірінің ақсақалдарымен кездесті.
Басқосуға ауданның бірнеше ауылынан ардагерлер қатысты.
Кездесуде ақсақалдар Шұбартау өңіріндегі өзекті мәселелерді көтерді. Жолдың жағдайы, интернеттің баяулығы, ауыз судың сапасы, су қоймаларын жаңғырту, кен орындарын жергілікті жерде тіркеу, мал өнімдерін қайта өңдеуге қатысты ойларын ортаға салды. Баршатас ауылына спорттық сауықтыру кешенін салу жөнінде ұсыныс айтты.
Облыс әкімі кездесуде айтылған ұсыныстардың барлығы назарға алынатынын атап өтіп, көтерілген өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
«Бұрын аудан орталығы болған Баршатас ауылында спорттық сауықтыру кешенін салу жөніндегі ұсыныстарыңызды қолдаймын. Баршатас – Аягөз ауданындағы ең ірі елді мекендердің бірі. Мұндағы жастардың спортқа деген қызығушылығы жақсы. Ауылға спорт нысанын саламыз. Бұл жұмысты биыл бастаймыз. Шұбартау – тарихы терең, белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, сазгерлер шыққан қасиетті мекен. Өңірде шешімін күткен мәселе көп. Оның барлығын рет ретімен, жүйелі түрде шешетін боламыз», – деді аймақ басшысы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ (НАУРЫЗ АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ)