Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Облыс әкімі Аягөз ауданының ең шалғайдағы ауылына барды

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Емелтау ауылындағы бірқатар нысандарды аралады.

Емелтау - Қарағанды облысымен шектесетін, аудандағы ең шалғай елді мекендердің бірі. Облыс орталығынан 600, аудан орталығы Аягөзден 240 шақырым қашықтықта орналасқан.

Аймақ басшысы ең әуелі ауылдағы Төлеу Көбдіков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте болды. 1983 жылы салынған ғимарат 100 оқушыға арналған. Қазіргі уақытта 39 оқушы білім алады, 12 мұғалім еңбек етеді. Білім ордасы осы күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Мектепте пән мұғалімдері тапшы.

Облыс әкімі ауылдағы Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Жиында жол жөндеу, балабақша салу, интернет желісін орнату, елді мекенге жақын кен орындарының ауылға көмек көрсетуіне қатысты мәселелер көтерілді.
Аймақ басшысы елді мекеннің интернет мәселесі жақында шешімін табатынын, ауылға антенналық матчты құрылғы орнатылатынын, бұған облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінгенін айтты. Аудан әкіміне кен орындарымен тиісті меморандумға отырып, кәсіпорынннан түскен қаражаттың ауыл тұрғындарының игілігіне жарауын қадағалауды тапсырды. «Емелтау – Баршатас» бағытындағы жолды тегістеп, ретке келтіруді міндеттеді.

«Бүгін облысымыздағы шалғай ауылдардың бірі Емелтауға арнайы келіп, елді мекеннің тыныс-тіршілігімен, өзекті мәселелерімен таныстым. Тұрғындардың қандай қажеттілігі бар екенін сұрап-білдім. Ауылдағы проблемалар кезең-кезеңімен, жүйелі түрде шешілетін болады. Қаладан алыс елді мекендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы елді мекенде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасымен салынған фельдшерлік-акушерлік пунктте де болды. Медициналық мекеме құрылысы аяқталғанымен әлі іске қосылмаған. Мердігер «Construction Group «SAMRUK» ЖШС құрылысты сапасыз жүргізген. Облыс әкімі Құрылыс басқармасына мердігерлермен бірлесіп кемшіліктерді жойып, нысанды тезірек іске қосуды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив