Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Абай облысында пайдалануға берілген медициналық нысандар халыққа қызмет көрсетуге дайын болмай шықты

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы облыс әкімі өткізген жиында айтылды.

Пайдалануға беріліп тастаған медициналық нысандарда абаттандыру жұмыстары аяқталмаған, медициналық құрал-жабдықтар орнатылмаған. Жиһаздар толық жеткізілмеген. Кейбір ғимараттардың шатырынан су ағып, ішкі қабырғалары жарыла бастаған. Қазіргі уақытта 62 нысанның тек 10-ы аудандық ауруханалардың қарамағына берілген.

Облыс әкімі өңір халқы қаншама жылдан бері тағатсыздана күтіп отырған медициналық нысандардың уақытында пайдалануға берілуін бақыламағаны үшін салаға жауапты орынбасары мен Құрылыс басқармасының жұмысын сынға алды. 

«Орын алған жағдай жоғарыда аталған тұлғалардың салғырт жұмысының нәтижесі деп санаймын. Өткен аптада Аягөз ауданына барғанымда бірнеше ауылдың тұрғындары салынған медициналық нысандардың құрылысына шағымдарын айтты. Былтыр жыл соңында қабылданған ғимараттар неге әлі күнге дейін іске қосылмай отыр? Осыған жауапты Құрылыс басқармасы не қараған? Бұл – халыққа қызмет көрсететін орындар. Аудан, ауыл әкімдері ғимараттар сіздердің аумақтарыңызда болғандықтан нысанды қабылдау кезінде қадағалауға алу керек еді. Бұған сіздер де жауаптысыздар»,- деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі орын алған олқылықтарды жою мақсатында Құрылыс басқармасының мамандарын құрылыс жүргізіліп жатқан әрбір нысанға жауапты ретінде бекітіп, күнделікті бақылау жасауды тапсырды. 

«Медициналық нысандардағы атқарылмаған ішкі, сыртқы жұмыстар толық қалпына келтірілсін. Салаға жауапты облыс әкімінің орынбасары әр екі апта сайын құрылыс барысы бойынша арнайы жиналыс өткізіп, жағдайды тұрақты қадағалауда ұстауы тиіс. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив