Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Депутаттар Сенат отырысының күн тәртібін бекітті

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 24 сәуір күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес сенаторлар алдағы бейсенбіде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарайды. Заңның негізгі мақсаты – қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін енгізу, қазақстандық тауар өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы ақпаратқа қол жеткізудің бірыңғай орнын қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шараларының атаулылығын арттыру.

Сондай-ақ Бюро отырысында комитеттердің алдағы отырыстарының тақырыбы талқыланды. Соның аясында депутаттар мен мүдделі тараптардың ауыл шаруашылығын (бау-бақша және жүзім шаруашылығы) дамыту және «жасыл» инвестицияны тарту мәселелеріне қатысты бірлескен іс-шаралары күн тәртібіне шығарылды.

Іс-шара барысында бұған дейін Парламент Мәжілісінде қабылданған заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.

Сонымен қатар отырыс соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысып, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапатталған бірқатар сенаторға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» медалі салтанатты түрде тапсырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив