Волонтерлік және жастар ұйымдарының өкілдері Халықаралық волонтерлер жылына дайындық жұмыстарын талқылады

Волонтерлік және жастар ұйымдары өкілдерінің консультативтік кездесуі өтті.
Жиынға қатысушылар тұрақты даму үшін Халықаралық волонтерлер жылын өткізу тәсілдері мен форматтарын талқылады.
Наурыз айында еліміздің барлық өңірлерінде консультативтік кездесулер өтті. Халықаралық жылды өткізу бойынша 80-ге жуық идея мен бастама ұсынылды.
Спикерлердің айтуынша, кездесу күш-жігерді біріктіруге, волонтерлер қозғалысының маңызы мен оның әділ, экологиялық таза және инклюзивті әлем құрудағы рөлін атап өтуге бірегей мүмкіндік береді.
Жиын барысында жастар мен мектеп волонтерлігін кеңейту, экологиялық, инклюзивті және әлеуметтік бастамаларды қолдау, ақпараттық-ағарту науқанын бастау және басқа да көптеген бастамалар мәселелері көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2023 жылғы 18 желтоқсанда 2026 жылды тұрақты даму үшін Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялау туралы қарар қабылдады.