Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.53 601.01 6.43

«РҒБО» АҚ базасында Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің филиалы ашылды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 18 сәуірінде Ақмола облысының Ақкөл қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PARAM BILIM-2 суперкомпьютері салтанатты түрде іске қосылды.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев, Ақкөл ауданының әкімі Біржан Әбдірахманов, «Қазақтелеком» АҚ компаниясының өкілдері, журналистер, профессор-оқытушылар құрамы және ЖОО ғалымдары қатысты.

Салтанатты рәсімнен кейін іс-шараға қатысушылар «ақылды қаланың» маңызды нысандарының бірі - Республикалық ғарыштық байланыс орталығының (РҒБО) «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығына (ҒБО) барды.

«Ақкөл» ҒБО мамандары қонақтарға геостационарлық орбитада 36 мың шақырым биіктікте орналасқан «Kazsat» байланыс жерсеріктерін басқару қалай жүргізілетнін айтып, көрсетті.

Мұнда, ғарыштық байланыс орталығының конференц-залында Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультеті ұйымдастырған «Қазақстанның цифрлық трансформациясы» ғылыми-практикалық конференциясының Пленарлық отырысы өтті.

Айта кету керек, «РҒБО» АҚ және Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстанның ғарыш саласы үшін кадрлар даярлау бойынша бірнеше жыл ынтымақтастықта. Жыл сайын еліміздің осы жетекші жоғары оқу орнының студенттері «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы базасында өндірістік практикадан, тағылымдамадан өтеді. Бүгін бұл бағытта тағы бір қадам жасалды.

ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов пен «РҒБО» АҚ Басқарма төрағасы Мәлік Жүйріктаев «РҒБО» АҚ базасында Ақпараттық технологиялар факультетінің филиалын құру туралы шарт жасасты.

«Біз үшін мамандарды даярлау мәселесі өте маңызды. Бұл кадрлық резервімізді құру, мамандардың біліктілігін арттыру болып табылады. Біз жоғары технологиялық компания екенімізді ескере отырып, ғылым мен өндірісті біріктіру мәселесіне байыпты қараймыз. Еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі бар», - деп атап өтті М.Жүйріктаев.

РҒБО филиалы факультеттің оқу-ғылыми бөлімшесі болып табылады және оны құрудың мақсаты – оқу процесінің тәжірибелік бағытын күшейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу», - деп толықтырды ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Шахмаран Сейілов.

Белгілі болғандай, филиал жұмысы кәсіпорын базасында, атап айтқанда «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығында жүргізілетін болады, филиал штаты ЕҰУ факультетінің қызметкерлері мен ғылыми, тәжірибелік және оқытушылық қызмет тәжірибесі бар РҒБО мамандары қатарынан қалыптастырылатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив