Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Өңіраралық мобильді жедел әрекет ету топтары пойыздарды қорғауды күшейтеді

22-04-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Криминогендік жағдай деңгейі жоғары магистральдық желі учаскелерінде «ӘТЖК» ЖШС өңіраралық жедел әрекет ету мобильдік топтары пилоттық режимде құрылады.

Әр топқа физикалық және кәсіби дайындығын ескере отырып, ең жақсы дайындалған қызметкерлердің ішінен таңдалған 13 күзетші кіреді.

Мобильді топтарға қосымша қызмет көрсету учаскелері бекітілді: 

— Қарағанды және Ақмола филиалдары, 

— Семей, Павлодар және Достық филиалдары, 

— Алматы, Тараз және Түркістан филиалдары Арыс станциясына дейін. 

Қызметтің негізгі бағыты — қажет болған жағдайда көрші өңірлерге жедел шығу мүмкіндігі бар тұрақты орналасқан пункттердегі теміржол құрамдарын күзету. 

Бұдан басқа, жеке құрам алдын алу іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ контейнерлік пойыздарды өтпелі немесе эстафеталық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қатысады. 

Оң нәтижелерге қол жеткізген кезде жобаны теміржол желісінің басқа да учаскелеріне кеңейту жоспарлануда. Бұл көліктегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жүктердің неғұрлым сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив