Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Заң мен Тәртіп: Мақаншы ауданының мемлекеттік қызметкерлері жемқорлық тәуекелдерін талқылады

22-04-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлім қызметкерлері Мақаншы ауданының мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс‑шара барысында қызметкерлер «Заң және тәртіп» қағидатының мемлекеттік қызмет саласында негізгі стандартқа айналуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, соңғы заңнамалық өзгерістер, жемқорлық тәуекелдерін азайту шаралары және этикалық нормаларды сақталуының маңызы кеңінен түсіндірілді.

Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің адалдық пен жауапкершілік қағидаларын ұстануы, қоғам алдындағы парызын орындауы және жемқорлық заң бұзушылықтарының ауыр зардаптары туралы мәліметтер ұсынылды.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында ашық сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, барлық туындаған мәселелер егжей-тегжейлі қарастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив