Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Кабулдағы сауда миссиясында 140 млн АҚШ долларына келісім жасалды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 21-23 сәуір аралығында Кабулда (Ауғанстан) Қазақстан Республикасының сауда - экономикалық миссиясы өтіп жатыр. Сауда миссиясын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам әмірлігі арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтудегі маңызды қадам болмақ. Миссия шеңберінде отандық өндірушілердің тауарлары, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, тоқыма және өңдеу өнеркәсібі өнімдері ұсынылған қазақстандық өнімдердің көрмелері өткізіледі.

Кабулдағы сауда-экономикалық миссия 2024 жылдың қазан айында қол қойылған Жол картасын іске асыруды жалғастыру және Алматыдағы Қазақстан-ауған бизнес-форумы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту болып табылады.

Сауда-экономикалық миссиясы шеңберінде «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Ауғанстанның негізгі экономикалық институттарымен, мәселен, Ауғанстанның сауда-өнеркәсіп палатасымен (ACCI), өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану саласындағы Сауда-өнеркәсіп палатасымен (ACIM), сондай-ақ Ауғанстанның халықаралық көрме орталығымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойды.

Миссияның қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 140 миллион АҚШ долларын құрайтын келісімдер мен коммерциялық құжаттарға қол қойылды.

«QazTrade» АҚ Қазақстанның Ауғанстан нарығында іскерлік қатысуын кеңейтуге ықпал ете отырып, қазақстандық экспорттаушыларды сүйемелдеу және Ауған әріптестерімен сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыра береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив