Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
539.49 627.7 6.75

Көкпектінің Ұлы Дала Елі алаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

1-04-2023, 11:26 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылының Ұлы Дала Елі алаңында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. 

Жәрмеңкеде 6 бас ірі қара мал еті, 7 бас қой еті, 200 кг  құс еті (қаз, үйрек), балық - 800 кг, жұмыртқа, бал, сүт өнімдері саудаланды.

Сонымен қатар, Семей қаласынан тұрақтандыру қорынан (СПК Семей) біршама тауарлар арзандатылған бағада әкелінді. 

Ауданға Семей қаласынан тұрақтандыру қорынан 4 тонна картоп, 2 тонна - сәбіз, 2 тонна - орамжапырақ, 1 тонна - күріш,  1 тонна - қарақұмық, 1000 литр күнбағыс майы әкелініп саудаланды. Тұрақтандыру қорынан әкелінген өнімдер нарық бағасынан 30-35 % төмен бағада саудаланды. Мысалы, картоп 1кг - 105 тг, сәбіз 1кг - 100, орамжапырақ 1кг - 100 тг, күнбағыс майы 5 л - 3750 тг.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жәрмеңкеге келіп сауда жасаған аудан тұрғындары көп болды. Ендігі кезекте бұндай жәрмеңкелерді дәстүрлі түрде айына 2 рет, яғни әр айдың 10 кейін және 20 кейін өткізіп тұратын болады.

Пікірлер (1)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Максат

Күн бағыс майы "Алтын май"

Ответить 1 Сәуір 2023 15:32