Ассамблея мемлекеттің этносаралық саладағы жұмысына бағыт беретін стратегиялық штабқа айналуы керек – Президент

Соңғы жылдары еліміздің саяси-идеологиялық келбеті түбегейлі өзгерді.
«Экономикада жүйелі реформалар қолға алынды. Ең бастысы, қоғамның сана-сезімі өзгере бастады. Кейінгі жылдары саяси оқиғаларға баға беру тұрғысынан халқымыздың көзқарасы да жаңа сипатқа ие болды. Бізге ескіліктің ізіне қайта түспеу үшін барлық жетістіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді таразы басына қойып, зерделеу қажет. Ең әуелі, Ассамблея қызметінің мәні мен мазмұнын қайта қараған жөн. Менің түсінігімде Ассамблея мемлекеттің этносаралық саладағы барлық жұмысына бағыт беретін стратегиялық штабқа айналуы керек. Аталған нақты міндеттерді жүзеге асыру ұлтаралық қарым-қатынас сияқты маңызды әрі нәзік салада атқарылып жатқан ауқымды істерді жаңа мазмұнмен толықтыратынына сенімдімін. Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі»,– деді Президент.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі