Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
465.01 543.55 6.15

Президент тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетіндерге ескерту жасады

24-04-2025, 12:02 Думан Кенжеғазыұлы

Президенттің айтуынша, елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды «мына тілде сөйле» деп мәжбүрлемеуге тиіс.

«Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады. Бұл ретте үй ішіндегі ғана емес, шетелде отырып әлдебір ұйымдардың ақшасы мен тапсырмасына деструктивті әрекетпен айналысатын арандатушылар туралы да айтып отырмыз», - деді Тоқаев.

Айтуынша, бүгінде түлектердің 80%-ға жуығы ҰБТ-ны мемлекеттік тілде тапсырады. 

Биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың 70%-дан астамы қазақ тілінде оқитын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив