Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Қазақстан мен Чехия экономикалық ынтымақтастықты нығайтады: Астанада Үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысы өтті

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстан мен Чехияның экономикалық, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XII-ші отырысы өтті.

Кіріспе сөзімен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, Чехия Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Мартин Фрелих және Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшісі Бақыт Дүйсенбаев сөйледі.

Олжас Сапарбеков екіжақты ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, тауар айналымы мен инвестициялық белсенділіктің артуына тоқталды. Қазақстан 2024 жылы 1 млн тоннадан астам шикі мұнай экспорттап, Чехияға мұнай жеткізушілерінің бестігіне енді. Елде 150-ден астам чехиялық компания табысты жұмыс істейді, соның ішінде Skoda Auto, Omnipol және Home Credit Bank. Машина жасау, мұнай және газ, көлік, IT, фармацевтика, сутегі және нанотехнологиялар сияқты салалардағы ынтымақтастыққа қызығушылық бар.

Чех тарапы өз кезегінде ынтымақтастықты дамытудағы жекеше бизнес рөлінің маңыздылығын атап өтті.

ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев өнеркәсіптік кооперациядағы, оның ішінде маңызды материалдар саласындағы ілгерілеушілікті атап өтті.

Отырыс барысында сауда, инвестиция, энергетика, қорғаныс, ауыл шаруашылығы және логистика салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Екі елдің тиісті министрліктерінің өкілдері қатысты.

XII-ші отырыс серіктестікті тереңдетуге екі жақтың мүдделілігін растады және Қазақстан-Чехия қарым-қатынастарын дамытудың жаңа бағыттарын ашты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив