Облыс әкімі: Семейді жасыл желекті қалаға айналдыруымыз керек
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында өткен сенбілікке қатысты. Аймақ басшысы мемлекеттік қызметкерлермен бірге «Арена» спорт кешені аумағындағы алаңқайға ағаш көшеттерін отырғызды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шара барысында 350 түп терек егілді.
Өңірімізде 5 сәуірде басталған жалпықалалық сенбілікке 20 мыңға жуық адам қатысты. 2500 текше метрден астам қоқыс қалалық полигонға шығарылды. Сенбілік барысында 15264 аула мен жалпы ұзындығы 4000 метрге жуық арық тазартылды.
Облыс әкімі қаланы көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.
«Бұрын Семейдің жасыл желекті қала болғанын тарихтан білеміз. Соны қалпына келтіруіміз керек. Ағашты көп егуіміз қажет. Бізде бұған барлық мүмкіндік бар. Қасымызда қарағайлы орман тұр. Алдағы уақытта облыс орталығының көркін кіргізіп, ажарын ашу үшін қаланың шетіндегі мың гектардан астам аумақта жаңа ықшам аудан салуды жоспарлап отырмыз. Онда әкімшілік ғимараттар, мәдени-спорт нысандары, жаңа саябақтар бой көтереді. Төрт апта бойы жалғасқан сенбілік барысында қаламыз айтарлықтай тазарып қалды. Тұрғындар белсенді қатысуда. Әлі де бірлесе атқаратын жұмыс көп», – деді аймақ басшысы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзі