Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
465.01 543.55 6.15

Абай облысының жас боксшылары облыстық федерацияның бар екенін сезіне бастады

28-04-2025, 08:02 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының жас боксшылары өздерінің артында сенімді тірек бар екенін, яғни облыстық бокс федерациясының жұмыс істей бастағанын сезіне бастады. 

Жуырда ғана федерация президенті болып тағайындалған Мақат Төрәлі алғашқы күндерден-ақ игі істерге ұйытқы болып, жастарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр. Оның басшылығымен Абай облысының намысын қорғаған жастар Астана қаласында арнайы марапатталып, қаржылай сыйақыға ие болды. 

Бұл – жас спортшылардың алдағы жарыстарға деген ынтасын арттырып, сенімділіктерін нығайтатын тамаша бастама. Алда Азия чемпионаты мен басқа да халықаралық додаларда көк туымызды биікте желбірету үшін Абай облысының былғары қолғап шеберлері аянбай еңбек етпек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив