Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Үкіметте Қазақстан нарығына Қырғызстаннан ерте пісетін жеміс-көкөністерді жеткізу және тауар айналымын ұлғайту мәселелері талқыланды

28-04-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаевпен кездесті.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын атап өтті. Атап айтқанда, өткен жылғы қорытынды бойынша өзара сауда көрсеткіші $1,7 млрд құраған.

Серік Жұманғарин экономикалық ынтымақтастық әлеуетін едәуір арттыру үшін бірқатар тиімді қадам жасауды ұсынды. Ең алдымен, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту қажет.

«Біз қазақстандық өнім экспортын 195 позиция бойынша $260 млн-нан астам сомаға арттыруға дайынбыз», — деді вице-премьер.

Сондай-ақ ол бизнес-форумдар мен өзара сауда миссияларын өткізуде өзара сауданы арттырудың маңызды рөлін атап өтті.

Қатысушылар ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандыруды талқылады. Атап айтқанда, Қырғызстанның ерте жеміс-көкөніс өнімін Қазақстан нарығына жеткізу. Қазақстандық тарап дәнді және майлы дақыл экспортын арттыруды ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар теміржол тасымалы рәсімдерін жеңілдету мүмкіндігі мен бірлескен ынтымақтастықтың басқа да мәселелерін талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив